Бүгін «Адал ұрпақ» үйірмесінің жетекшісі Жанжигитова Айнұрдың ұйымдастыруымен мазмұнды әрі ой саларлық дебат өтті. Шара барысында қоғам үшін аса маңызды екі тақырып кеңінен талқыланды.
1-тақырып: “Тұтынушы құқығын қорғау керек пе?”
Қатысушылар тұтынушының құқықтарын білу – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті. Бағаның негізсіз өсуі, сапасыз өнім мен қызмет, чек бермеу сияқты күнделікті мәселелер қозғалып, оларды заң аясында шешу жолдары ұсынылды. Жастардың құқықтық сауаттылығы қоғамның әділ әрі ашық болуына тікелей әсер ететіні айтылды.
2-тақырып: “Тәуелсіздікті нығайту үшін жастардың атқаратын рөлі жеткілікті ме?”
Бұл тақырыпта жастардың ел болашағындағы орны, азаматтық белсенділігі, білім мен адалдықтың маңызы талқыланды. Бір тарап қазіргі жастардың мүмкіндігі көп екенін айтса, екінші тарап жауапкершілік пен нақты іс-әрекет әлі де күшеюі керек деген пікір білдірді. Қатысушылар тәуелсіздікті сақтау тек сөзбен емес, біліммен, еңбекпен және адалдықпен жүзеге асатынын атап өтті.
Дебат жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, тың идеялармен бөлісті. Осындай шаралар жастардың сыни ойлауын дамытып, қоғамға бейжай қарамайтын саналы ұрпақ қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Ұйымдастырушы Жанжигитова Айнұрға және белсенді қатысқан жастарға алғыс білдіреміз!
Адалдық пен жауапкершілік – жарқын болашақтың кепілі ![]()
![]()
