С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Цифрлы әлемге – кемел біліммен!» айлығы жалғасуда!

04.02 күні айлық іс-шаралар жоспарына сәйкес математика пәнінің мұғалімі Ташмұратова Ақерке 9–10 сынып оқушылары арасында сайыс сабақ өткізді.

Сайыс сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға дағдыландыру болды. Сабақ барысында түрлі деңгейлік тапсырмалар, есептер шығару кезеңдері, логикалық сұрақтар мен топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

Оқушылар белсенділік танытып, білімдері мен тапқырлықтарын көрсете білді. Әсіресе командалық жұмыс кезінде ұйымшылдық пен өзара қолдау айқын байқалды. Әр кезең тартысты өтіп, қатысушылар өз білімдерін дәлелдеуге тырысты.

Сайыс сабақ – тек білім бәсекесі ғана емес, сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз мүмкіндіктеріне сенімін нығайтатын маңызды алаң болды.

«Цифрлы әлемге – кемел біліммен!» айлығы аясындағы мұндай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пайдалы ресурстар