Бүгін мектебіміздің акт залында ерекше рухты, білім мен өнер ұштасқан салтанатты шара өтті. Жыл бойы жүргізілген «Оқитын сынып» жобасын 6-сынып оқушыларымен бірге қорытындыладық.
Бұл жай ғана есеп беру емес, оқушыларымыздың ішкі әлемінің өзгеруіне, талғамының қалыптасуына куә болған сәт болды. Сахна төріне Абай мен Жамбыл, Шоқан мен Бауыржан, Мұқағали мен Сапарғали аталарымыздың кейпінде шыққан шәкірттерім ұлылар аманатын бүгінгі күнмен сабақтастыра білді. ![]()
Жоба нәтижесі:
- Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы артты;
- Тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын терең таныды;
- Сахна мәдениеті мен шешендік өнерді меңгерді.
Білімді ұрпақ — ел ертеңі. Кітап оқитын бала ешқашан жолда қалмайды! Қолдау көрсеткен мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға алғысым шексіз! ![]()
