С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектепте Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шаралар жалғасын табуда. Бүгінгі күн – халқымыздың бай мұрасын, ұлттық болмысын айшықтайтын Ұлттық киім күніне арналды.
Бұл күні мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, олардың тарихы мен ерекшеліктерін насихаттады. Әсем камзол, шапан, сәукеле мен тақия – барлығы да ұлттық нақышымызды жаңғыртып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара барысында ұлттық киімдердің мән-мағынасы түсіндіріліп, сән үлгілері көрсетілді. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеді.
Ұлттық киім – тек сән үлгісі емес, ол – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – басты мақсатымыз.
