2026 жылғы 27 қаңтарда С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін КММ-де сайлау учаскелік №489 Дүниежүзілік сайлау күніне орай «Сайлау – бәрімізге ортақ жұмыс» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатын Әділбек Ербол өткізді. Іс-шараға Отырар аудандық аумақтық сайлау орынбасары А. Дуйсенханов қатысып, оқушыларға сайлаудың маңызы, азаматтық жауапкершілік пен белсенді ұстаным туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар сайлау үдерісінің мәні мен қоғамдағы рөлін тереңірек түсініп, өз пікірлерін ашық білдірді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына бейжай қарамауға тәрбиелейді.
Белсенді азамат – жарқын болашақ кепілі
