Түркістан облысы, Отырар ауданы
С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де
2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыр аралығында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Аталған шара аясында мектебімізде Отырар аудандық Полиция бөлімінің полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Төлеген Нұржан оқушылармен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды:
- Құқықбұзушылықтың алдын алу
- Нашақорлыққа жол жоқ
- Ерте жүктіліктің алдын алу
- Электронды темекінің зияны мен химиялық құрамы
Инспектор оқушыларға құқықтық мәдениет, тәртіп пен жауапкершілік жайлы кеңінен түсіндіріп, жағымсыз әрекеттердің болашаққа кері әсерін ашық айтты.
Құқық бұзушылық – бұл тек заң бұзу емес, ол адамның болашағына, өмір жолына балта шабатын қауіпті қадам. Сондықтан әрбір оқушының басты міндеті – білім алу, тәртіп сақтау және үлкендерді құрметтеу.
Мектеп ұжымы мен құқық қорғау органдары бірлесе отырып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді жалғастыра береді.