14 ақпан 2025 жылы мектебімізде «Үздік педагог» сайысы өтті! Бұл шара – мұғалімдер мен зертханашылардың кәсіби шеберліктерін шыңдауға, білімдері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берген ерекше байқау болды.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды, әрбір кезеңде қатысушылар өздерінің педагогикалық қабілеттерін, шығармашылық ойлауын және зияткерлік деңгейін дәлелдеуге тырысты. Қатысушылардың жауапкершілігі мен кәсібилігі жоғары деңгейде болды, олар қиын тапсырмаларды орындап, өз біліктіліктерін көрсетті.
Жеңімпаз – «Интеллект Трио» тобы!
Бас жүлдені иеленген бұл топ бірлік пен білімнің мықты үйлесімін көрсетіп, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Бұл сайыс педагогтердің дамуына серпін беріп, шабыт сыйлады. Жеңімпаздарымызға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
Үздік педагог – әрқашан шабыт пен шығармашылықтың қайнар көзі!
#ҮздікПедагог2025 #МұғалімМәртебесі #ЗияткерлікСайыс
Все реакции:
23Азамат Накипов, Klara Sansizbay и ещё 21