Түркістан облысының білім басқармасының 31.10.2024 жылғы №25/6295 санды хатына сәйкес «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағымдағы жылдың 16-қарашасы күні С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Мектепте ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына мұғалімдер, кіші қызметкерлер мектептің ішкі, сыртқы аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында мектеп ауласына 20 шырша егіліп, арықтар тазартылды. Жапырақтар мен қоқыстар шығарылды. Қазіргі уақытта экологиялық мәселелер әлемдік деңгейде өзекті болуда, сондықтан мұндай акциялар қоғамдағы әр азаматтың осы салада өз үлесін қосуға ықпал етеді.
Мектебіміздің ұстаздары, кіші қызметкерлері өткізген тазарту жұмыстары тек мектеп аумағын ғана емес, оның айналасындағы табиғатты да таза әрі әдемі етіп ұстауға арналған қадам болды.