С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУІ” ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ

Түлектердің ағаш отырғызуы – жыл сайын қайталанатын игі дәстүрге айналып келеді. Биылғы жылы да бұл үрдіс жалғасын тауып, С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында туған мектептерінің ауласына ағаш отырғызды.

🍀 Бұл – үлкен өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектердің өз мектебіне деген шексіз алғысы мен қоршаған ортаға қосқан шынайы үлесінің белгісі.

Ұстаздар қауымы бұл бастаманың тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Өскелең ұрпақ табиғатты қорғау мен қоғам игілігі үшін еңбек етуді үйреніп, азаматтық жауапкершілікті сезінуге тәрбиеленеді.

Біз сенеміз – уақыт өте келе осы ағаштар жайқалып өсіп, мектеп ауласы түлектерімізді әрдайым еске салып тұратын әсем саябаққа айналады!

Пайдалы ресурстар