Осы ұлы мереке қарсаңында білім саласының қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы Қ. Шербаев ұстаздарды Наурыз мерекесімен құттықтап, олардың білім беру саласына қосқан үлесін жоғары бағалады.
Жиында мектеп директоры С.Аймбетова мұғалімдерге алғыс хаттарды табыстады , еңбектеріне лайықты марапат көрсетілді. Бұл – олардың жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегіне берілген құрмет.
Ұстаздарымызға шығармашылық табыс, мықты денсаулық және еңбектерінің жемісін көруді тілейміз! Наурыз құтты болсын!