«С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 11.11 күні математика пәнінен 2- "а"сынып оқушыларына Жүнісбекова Мереке "Екі таңбалы сандарды разрядтан аттап жазбаша азайту" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысындағы жаңа әдіс - тәсілдер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қолданылған. Сабақ қызықты өз деңгейінде өтті. Бірлестік жетекшілері сабақты талдап, бірлестік жетекшісі Роза Серикбаева қорытынды жасап, Мереке апайға шығармашылық жетістіктер тіледі.