С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектепте 3-сынып жетекшісі Жунисова Ғайнижамал ұйымдастырған "Өзіңдей анам бар, арман бар ма? Өзіңдей балам бар, арман бар ма?" атты тәрбие сағаты өтті. Бұл шара аналар мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайтып, мейірімділік пен құрметті дәріптеуге арналды.
Аналар мен балалар сайысы
Тәрбие сағатында оқушылар аналарының қатысуымен түрлі сайыстарға түсіп, өз өнерлерін ортаға салды. Ойындар мен жарыстар арқылы қатысушылар өзара қуанышқа бөленді.
Кештің әсерлі сәті
Іс-шараның соңында аналарға күтпеген ерекше сый жасалды. Өздерінің сүйікті жұбайларынан гүл алған аналар қуанышқа кенеліп, бұл сәт кештің әсерін одан әрі арттыра түсті.
Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар балалардың ата-аналарына деген құрметін арттырып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді. Жылы естеліктерге толы бұл күн барлық қатысушылардың көңілінде ұмытылмас сәт болып қалды.