Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың борышы. Осы мақсатта, С.Мұқанов атындағы мектеп ұжымы және оқушылары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектеп аумағын тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында мектеп ауласы күл-қоқыстан тазартылып, жасыл желектер ретке келтірілді. Сонымен қатар, оқушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстарына да белсене қатысты.
Аталған акция – табиғатты аялауға, туған өлкені сүюге тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Таза орта – ұлт болашағының кепілі!