Наурызнаманың онкүндік жоспарымен С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектепте "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр" және "Шаңырақ" күніне орай ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған тағылымды жиын өтті.
Жиынға ардагерлер кеңесінің төрағасы Дуйсенбек Наржан мен зейнеткер ұстаздарымыз қонаққа келді.
Бұл шараның басты мақсаты – ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту, олардың мән-маңызын өскелең ұрпаққа түсіндіру.
Жиын барысында "төркіндету", "босаға майлау", "жарапазан", "ерулік", "тұсаукесер" сияқты қазақ халқының көнеден келе жатқан дәстүрлері сахналық қойылым арқылы көрерменге ұсынылды. Әр қойылым барысында дәстүрлердің мағынасы мен тәрбиелік мәні түсіндірілді. Арқан тартыс, ән шашу болды.
Мұндай шаралар ұлттық құндылықтарымызды насихаттаумен қатар, жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға зор үлес қосады.