С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ұлы Жеңіске – тағзым, ұрпаққа – үлгі!

С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2024–2025 оқу жылында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі” атты ауқымды іс-шаралар жоспары түзіліп, бекітілді. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес бірқатар тағылымды шаралар өз жалғасын табуда.

25 сәуір күні мектеп кітапханашысы Оразымбетова М. ұйымдастыруымен “Ерлік – елге мұра, ұрпаққа өнеге” атты кітап көрмесі өтті. Бұл көрме арқылы оқушылар жауынгерлік ерлік, батырлық туралы әдебиеттермен танысып, Ұлы Жеңістің тарихи мәнін тереңінен ұғынды.

Ал 28–30 сәуір аралығында технология пәні мұғалімдері Алиайдар Наржан Ә. мен Нәлібай А. жетекшілігімен “Біз – бейбіт елдің ұланымыз” атты жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып, шығармашылық көрме жасақталды. Оқушылар өздерінің суреттері арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, тыныш өмірдің қадірін көркем тілмен жеткізе білді.

Бұл шаралар жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, тарихты ұмытпай, бейбіт күннің бағасын білуге баулу жолындағы маңызды бастамалар болып отыр.

Іс-шаралар легі алдағы күндері де жалғасын табады!

Пайдалы ресурстар