С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

КОМИССИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті көшпелі отырысы "С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ - де өткізілді.

Жиынға Отырар ауданы прокурорының орынбасары Серік Ізтілеуов, аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев, тиісті мекеме басшылары, комиссия мүшелері, ата-аналар және мұғалімдер қатысты.

Жиынның күн тәртібінде кәмелет жасқа толмаған балалар мен мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылық пен суицид және ерте жүктіліктің алдын алу, жалпы тәрбие саласында атқарылған жұмыстардың барысы туралы мәселелер қаралды.

Мектеп директоры С.Аймбетова баяндама оқып, білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау шаралары, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында деструктивті діни ағымдардың алдын алу және таралуын болдырмау мақсатында әр түрлі бағыттағы шаралар ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына гигиеналық тұрғыда дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, мектептегі ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік, психологиялық көмектер көрсету, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында үйірме жұмыстарын жандандыру, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Мұнан соң келесі жиында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ахмет Арын аталған мектептерде жүргізілген зерделеу жұмыстары барысында анықталған кемшіліктер мен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі бағыттарының толық орындалмау себептері туралы баяндады.

Жиын барысында Отырар ауданы прокурорының орынбасары Серік Ізтілеуов жасөспірімдер арасында әлімжеттік әрекеттердің болуы, алаяқтықтың алдын алу жұмыстары, мекеме қызметкерлерін қабылдаудағы заңсыздықтар, тәрбие жұмыстары бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізсе, аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев балалардың тәрбие жұмыстарында ескерілетін негізгі бағыттар, «Смартфонсыз мектеп» жобасын іске асырудың маңыздылығы туралы атап өтті.

Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Жиын соңында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, мекеме басшысына нақты тапсырмалар берілді.

Пайдалы ресурстар