Оқитын сынып жобасы аясында қаңтар айына жоспарланған кезекті танымдық ашық сабақ қазақтың даңқты ұлы, батыр, жазушы Бауыржан Момышұлына арналды.
Аталған тағылымды іс-шара сынып жетекшісі Әптіхалық Аиданың жетекшілігімен ұйымдастырылып, 6-сынып оқушыларының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылар батырдың өмір жолы, ерлігі мен елге сіңірген еңбегі туралы тың мәліметтермен бөлісіп, көркем сөз оқып, сахналық көріністер көрсетті.
Ашық сабақтың мақсаты – жас ұрпаққа отансүйгіштік рух дарыту, Бауыржан Момышұлының ерлікке толы өнегелі өмірін үлгі ету болды. Шара оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, тарихи тұлғаға деген қызығушылығын оятты.
Осындай мазмұнды да мәнді сабақтар жас ұрпақтың рухани дамуына үлкен үлес қосары сөзсіз.
