Балалар – жүрегі таза, ойы анық, шынайылықты сөзбен емес, жүрекпен сезетін ерекше әлем иелері. Олар оқыған әрбір кітаптан өмірлік сабақ алып, кейіпкерлердің бастан өткерген оқиғаларын терең сезінеді.
«Бала көзімен» челленджі аясында мектеп оқушылары өздері оқыған кітаптар туралы әсерлерімен бөлісті. Олардың әңгімелері – шынайы, әсерлі әрі шабыттандырады. Кітаптар арқылы олар батылдықты, адалдықты, жақсылық пен жамандықты ажыратуды үйренеді. Әрбір бейнежазба – баланың жүрек үні, өз ойымен бөлісуге деген талпынысы.
Сіз де қосылыңыз!
Балаларға өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік берейік.
Кітап оқуға шабыттандырайық!
Олардың көзқарасы – болашақтың айнасы!