С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Баламен тиімді қарым-қатынас» – ата-аналар жиналысы

Бүгін 5-сынып ата-аналарымен ерекше кездесу өтті! Жиналыс дәстүрлі форматтан шығып, ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жақсарту жолдарын тәжірибе жүзінде үйретуге бағытталды.

📌 Жиналыстың басты сәттері:

✅ Ата-аналар тәрбиенің әртүрлі тәсілдерін талқылап, өз стильдерін саралады.

✅ «Сиқырлы сөздер» ойыны арқылы балаға айтылатын әрбір сөздің қаншалықты маңызды екенін сезінді.

✅ «Сіз мені қаншалықты танисыз?» ойыны ата-аналар мен балалар арасындағы түсіністікті арттырды.

✅ «Сиқырлы бейне» бөлімінде ата-аналар балаларының жүрекжарды лебіздерін тыңдап, ерекше әсер алды.

✅ Жиналыс соңында әр ата-ана баласына арнап жылы хат жазды.

Бұл кездесуден кейін ата-аналар баламен дұрыс сөйлесу, оны түсіну және қолдау көрсету бала өмірінде қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет ұғынды.

✨ Сынып жетекшісі Ахметова Гулнур бұл жиналысты ерекше әсерлі және мазмұнды етіп өткізді. ✨

Балаларымыз бақытты болсын десек, олармен ашық, сенімді қарым-қатынас орнатайық!

Пайдалы ресурстар