С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас: отбасы тәрбиесіндегі басты құндылық

Отбасы – әрбір баланың алғашқы тәрбиесі басталатын киелі орта. Баланың тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі ерекше. Осы орайда, С. Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектепте 3-сынып ата-аналарына арналған «Ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында сынып жетекші Ғайнижамал Жунисова жиналыс өткізді.

Жиналыстың мақсаты

✅ Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі белсенділігін арттыру;

✅ Баланың бойына мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін сіңіру жолдарын қарастыру;

✅ Отбасы құндылықтарын нығайту арқылы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.

Жиналыс барысында ата-аналар мен педагогтер бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты. Балаға дұрыс бағыт-бағдар беру, мейірімділік пен сыпайылыққа баулу, олардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау сынды маңызды аспектілер қозғалды.

Әрбір ата-ана үшін баласының аман-саулығы мен тәрбиесі басты орында. Сондықтан мұндай кездесулер отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттырып, бала тәрбиесінің сапасын жақсартуға үлкен үлес қосады.

Пайдалы ресурстар