С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс
20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні

20 қараша - Дүниежүзілік балалар күні

 

👫👫Құрметті балалар! 20 қараша – дүниежүзілік балалар күні құтты болсын! Әрқайсыңыздың жүректеріңіз бақыт пен күлкіге, армандарыңыз үміт пен жетістікке толы болсын. Сіздер болашақтың жұлдыздары, сіздердің қолдарыңызда әлемді жақсартудың кілті жатыр. Білім алып, өскенде үлкен жетістіктерге жетіп, адамзаттың жарқын болашағына үлес қосыңыздар. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат, өмірлеріңіз қуаныш пен бейбітшілікке толы болсын!

🔹 Биыл Қазақстан БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялаудың 30 жылдығын атап өтуде.

30 жыл ішінде еліміз балаларды қорғау мен олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде үлкен жолдан өтті.

🔺 2006 жылы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.

2016 жылы Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл институты енгізілді.

Әр аймақта бала өкілдіктері институты құрылды, олардың құрамы жыл сайын мектеп белсенділерінен жасақталады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық мониторинг - балалардың әл-ауқатының индексі енгізілді.

✔️ 2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады.

Биылғы жылы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл мәртебесі заң жүзінде бекітілді.

📌 Айта кетейік, республиканың барлық стратегиялық құжаттарында балалар басты игілік алушылар болып табылады.

Пайдалы ресурстар