С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

19 НАУРЫЗ – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ КҮНІ

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың санасына ата-бабамыздан қалған асыл мұраны сіңіру мақсатында 5-сынып оқушылары «Әжелер мектебі» және «Әкелер мектебі» аясында сыныптастарының ардақты ата-әжелеріне барып, өнегелі әңгімелерін тыңдап қайтты.

Бұл кездесуді сынып жетекшісі Ахметова Гулнур ұйымдастырып, оқушылардың ата-әжелерімен жүздесуіне мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, ата-апаларға құрмет көрсетіп, сый-сияпат тарту етті. Көпке сыйлы Дүйсенбек ата, Әбдіғаппар ата, Өтеш апа, Рыскүл апа және ұлағатты ұстаз Кенжекүл апа өз өмір жолдарымен бөлісіп, балаларды білім алуға, тәртіпті болуға шақырды. Өскелең ұрпаққа ақ баталарын беріп, ұлт болашағына сенім артты.

Осындай тәрбиелік маңызы зор кездесулер жас буынның бойына ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды сіңіруге үлкен үлес қосады. Ардагерлеріміздің ақыл-кеңесі мен батасы – жас ұрпақ үшін баға жетпес қазына!

Пайдалы ресурстар