С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында түсіндіру жұмыстары өтті

Түркістан облысы, Отырар ауданы

С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де

2025 жылдың 10 сәуірі мен 6 мамыр аралығында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған шара аясында мектебімізде Отырар аудандық Полиция бөлімінің полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Төлеген Нұржан оқушылармен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында келесі маңызды тақырыптар қамтылды:

  • Құқықбұзушылықтың алдын алу
  • Нашақорлыққа жол жоқ
  • Ерте жүктіліктің алдын алу
  • Электронды темекінің зияны мен химиялық құрамы

Инспектор оқушыларға құқықтық мәдениет, тәртіп пен жауапкершілік жайлы кеңінен түсіндіріп, жағымсыз әрекеттердің болашаққа кері әсерін ашық айтты.

Құқық бұзушылық – бұл тек заң бұзу емес, ол адамның болашағына, өмір жолына балта шабатын қауіпті қадам. Сондықтан әрбір оқушының басты міндеті – білім алу, тәртіп сақтау және үлкендерді құрметтеу.

Мектеп ұжымы мен құқық қорғау органдары бірлесе отырып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді жалғастыра береді.