С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Walk the Talk»: Салауатты өмір салтын насихаттаған марафон

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай медбике Түлекова Дина бастамасымен ерекше спорттық акция ұйымдастырылды. «Walk the Talk» ұранымен өткен бұл марафон қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға, денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Марафонға әртүрлі жастағы азаматтар қатысып, таңғы жүгіру арқылы өздерінің белсенділікке деген қызығушылығын көрсетті. Іс-шара барысында қатысушылар таза ауада серуендеп қана қоймай, денсаулық туралы пайдалы кеңестер алып, бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акциялар халықтың денсаулық мәдениетін арттыруға зор үлес қосады. «Walk the Talk» тек жүгіру емес, бұл — қозғалыс арқылы үндеу, қоғамға үлгі болу.

Түлекова Дина бастаған бұл игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз!