С.Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, мектептегі патриоттық тәрбие бағытындағы үйірме жетекшісі Құрбан Тұмардың ұйымдастыруымен “Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс” атты тағылымды іс-шара өткізілді.

Шара барысында оқушыларға Ұлы Отан соғысының маңызы, майдангерлердің ерлігі мен елге деген сүйіспеншілігі туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. Ардагерлерге тағзым ету, тарихи жадты сақтау, Отанды сүю – іс-шараның басты мақсаты болды.

Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, майдан даласындағы жауынгерлерге арналған өлеңдер оқып, көріністер қойып, патриоттық әндер орындады. Сонымен қатар, деректі бейнежазбалар көрсетіліп, соғыс ардагерлерінің ерлікке толы өмір жолдары туралы әңгімелер айтылды.

Құрбан Тұмардың жетекшілігімен өткен бұл шара – жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіру, өткенге құрмет көрсету, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру бағытында маңызды қадам болды.

Біз бейбіт күнді сыйлаған бабалар ерлігін ұмытпаймыз! Бірлігіміз бекем болсын, рухымыз мықты болсын!