С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін мектепте адамгершілік құндылықтарды насихаттау, жанашырлық пен қамқорлық мәдениетін дамыту мақсатында “Мейірімді жүрек” атты акция өтті.
11-сынып жетекшісі Л.Бекмұрат ұйымдастырған бұл шарада пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, оқушыларға қайырымдылықтың маңызы түсіндіріліп, мейірімділікке баулу бағытында маңызды жұмыстар жүргізілді.
Бұл акция – жүрек жылуын бөлісу, бір-бірімізге қолдау көрсету және жақсылық жасаудың үлкен қадамдарының бірі. Өйткені мейірімділік – әлемді өзгертетін күш!
Жақсылық жасауға асығайық!