Бүгін 5-сынып ата-аналарымен ерекше кездесу өтті! Жиналыс дәстүрлі форматтан шығып, ата-аналарға баламен қарым-қатынасты жақсарту жолдарын тәжірибе жүзінде үйретуге бағытталды.
Жиналыстың басты сәттері:
Ата-аналар тәрбиенің әртүрлі тәсілдерін талқылап, өз стильдерін саралады.
«Сиқырлы сөздер» ойыны арқылы балаға айтылатын әрбір сөздің қаншалықты маңызды екенін сезінді.
«Сіз мені қаншалықты танисыз?» ойыны ата-аналар мен балалар арасындағы түсіністікті арттырды.
«Сиқырлы бейне» бөлімінде ата-аналар балаларының жүрекжарды лебіздерін тыңдап, ерекше әсер алды.
Жиналыс соңында әр ата-ана баласына арнап жылы хат жазды.
Бұл кездесуден кейін ата-аналар баламен дұрыс сөйлесу, оны түсіну және қолдау көрсету бала өмірінде қаншалықты маңызды екенін тағы бір рет ұғынды.
Сынып жетекшісі Ахметова Гулнур бұл жиналысты ерекше әсерлі және мазмұнды етіп өткізді. ![]()
Балаларымыз бақытты болсын десек, олармен ашық, сенімді қарым-қатынас орнатайық!





