5 мамыр күні мектебімізде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ерекше маңызға ие шара – Әкелер кеңесі өткізілді. Бұл жиын жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен елге деген сүйіспеншілікті дарытуды мақсат етті.
Іс-шараға ата-аналар комитетінің төрағасы Наржан Дүйсенбек арнайы қатысып, әкелермен ашық сұхбат жүргізді. Көкейдегі маңызды сауалдарға жауаптар беріліп, тәжірибе алмасу алаңына айналды.
Әкелер шахмат пен дойбы ойындарында бақ сынасып, балаларына үлгі боларлықтай ой сергітер сәттер өткізді. Сонымен қатар, әскери машыққа негізделген – автоматты шашып-жинау сайысы да ұйымдастырылып, қатысушылардың ептілігі мен шапшаңдығы сынға түсті.
Осындай мазмұнды кездесулер – отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудің алтын көпірі болмақ!